• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 пайыз жалпы құнын сақтап қалды – Айтжанова

Қазақстан ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 пайыз жалпы құнын сақтап қалды – Айтжанова

1 Шілде, 2015 17:15
Біздің келіссөздер бойынша нәтижеміз – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалпы құнын сақтап қалуында, деді Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова.

«Біздің келіссөз жүргізу үрдісінде біз аса назарды ауыл шаруашылығына аудардық ,себебі біздің елде 40 пайыз халық ауыл шаруашылығымен айналысып отыр. Сондықтан, келіссөздер ауыл шаруашылығын субсидиялау көлеміне әсер етіп, өнімінің өз бағасын сақтап қалу үшін бар күшті салуда. Инфрақұрылымға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласын зерттеу шаралары ДСұ құрамында да жүзеге асырыла береді. ДСҰ мүшелерінің бюджеттік қаржысына ешбір әсер болмайды», - деді ол.

Сары қоржынға байланысты, министр атап өткендей, өткізілген келіссөздер өте күрделі болды. Қазақстаның ДСұ-ға енуі өте күрделі үрдіс болғаннан кейін келіссөздер де ұзақ уақыт жүргізілді. «Бұл біздің келіссөдердің нәтижесі - Қазақстанның  ДСҰ-ға кіруде ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5 жалпы құнын сақтап  қалуында. Айта кетерлігі, ДСҰ құрамына енуде мұндай мақсатқа Қытай мен Қазақстан ие болды. Қытай ДСҰ-ға 2001 жылы енген болатын», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар