• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Айтжанова: 1995 жылы ДСҰ құрылғаннан кейінгі ең күрделі келіссөздер осы болды

Ж.Айтжанова: 1995 жылы ДСҰ құрылғаннан кейінгі ең күрделі келіссөздер осы болды

1 Шілде, 2015 17:09
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру келіссөдері ДСҰ құрылғалы ең күрделісі болды, деді ОКҚ брифингінде Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова.

«Өздеріңізге белгілі, 22 маусым күні Женевада Қазақстанның дСҰ-ға енуі бойынша соңғы отырыс болды. Сол кезде келіссөздердің аяқталуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бұл келіссөз ұзаққа созылғанын білесіздер. Біздің ірі серіктестеріміздің  және ДСҰ хатшылығының пікірінше, бұл келіссөздер ДСҰ құрылғалы, яғни 1995 жылдан бергі ең күрделі келіссөздер болып есептеледі», - деді Ж.Айтжанова.

Министрдің айтуынша, Қазақстан бір мезетте Кедендік одақ құрамында болып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық экономикалық одаққа кіруі  күрделілік танытты.  

«Біз өз бетімізбен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша егемен келіссөздер жасадық. Мәселен, біздің жұмыс баяндамасында ДСҰ-ға кірудегі біздің міндеттердің барлығы көрсетілген, 38 бөлім, ол валюталық саясаттан бастап жеке меншік мүлікке дейінгі араны қамтыды. 36 бөлімнің 14-і Еуразиялық экономикалық одаққа жіберілді», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар