Вице-премьер Талдықорғандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

1 Шілде, 2015 18:57
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының барысында облыстық кардиологиялық орталық пен Талдықорған қаласының бірқатар әлеуметтік жағынан маңызды нысандарында болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Медицина мекемесінің қызметімен Үкімет басшысының орынбасарын кардиологиялық орталықтың директоры Рахымберді Сұлтанбеков таныстырды. Б.Сапарбаев онда кардиология, кардиохирургия мен бейімдеу бөлімінде болды. Р.Сұлтанбековтың сөзінше, аталған орталық жоғарымамандандырылған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетеді және құны 602,3 млн  теңге болатын арнайы медициналық құрылғылармен жабдықталған. 2014 жылы бұл орталықта 2 мыңға жуық түрлі операциялар жасалған. Орталықта 180 маман жұмыс істейді, оның 33-і дәрігер.  

Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары Талдықорған сервис және технология колледжінде болып, онда облыстың әлеуметтік саласын дамытуға байланысты мәжіліс өткізді. Б.Сапарбаев онда облыстың әлеуметтік саласындағы басым бағыттарды атап, аймақтағы өзекті деген мәселелерді талқылады.

    

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар