- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамытбеков: ДСҰ-ға кіру қарсаңында фермерлерді субсидиялауға ешқандай кедергі туындамайды
А.Мамытбеков: ДСҰ-ға кіру қарсаңында фермерлерді субсидиялауға ешқандай кедергі туындамайды
«Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде «сары себет» тікелей субсидия түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын қолдануға қол жеткізілді», - деді А.Мамытбеков.
Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия келіссөздер қорытындысы бойынша тек 5% «сары себет» мемлекеттік қолдау көрсету құқығына иеленді.
«ДСҰ ережесіне сай бұл 8,5% екі рет көрсетілуі мүмкін:Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5% тең сомалы өнімге қоспағанда (мысалға: пайыздық үстем ақыны арзандату, суға, ЖЖМ субсидиялар); Осы өнімнің жалпы құнынан 8,5% тең сомалы нақты өнімді қосқанда (сүт, ет, бидай жалпы өнімінен 8,5%).Ақшалай эквивалентте бұл шамамен 2,1 млрд. АҚШ долларын құрамақ, оның ішінде 1,2 млрд. АҚШ доллары есебісіз және 0,9 млрд. АҚШ доллары нақты өнім есебімен», - деді АШМ басшысы.
Бұған қоса, «жасыл себет» шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемдерін еш шектеулерсіз көрсетуге болады. Атап айтқанда: ғылым, консалтинг, ветеринария, фитосанитария, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру және өнім құнына әсер етпейтін шаралар қысқартылмайды.
«Сондай-ақ, СФС шаралары аясында қол жеткізілген келісімдер жайлы айтылды. Атап айтқанда, ЕЭО талаптары болмаған жағдайда халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын, стандарттарды қолдану. Субсидиялар ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнына тікелей пропорционалды болғандықтан Қазақстан үшін 8,5% саланың дамуы үшін қажетті көлемде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көрсетуде нақты мүмкіндік. Өткен жылдар көрсеткендей, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі әр 5 жыл сайын 2 есеге ұлғаюда. Сәйкесінше, мемлекеттік қолдаудың шектеулі мүмкін көлемдері осындай қарқынмен ұлғайтылады. Біздің міндетіміз қажетті көлемде толыққанды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін жоғарлату мақсатында оларды тиімді пайдалану», - деді ол.
Индира Қауметова
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ -
Қазақстандағы электронды сауданың жағдайы. Онлайн-сауданың дамуына не кедергі -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Фермерлердің блок бекеттерден кедергісіз өту мәселесі қаралды -
Министр 42 500 теңгені қалай алу туралы: енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ -
С.Омаров: Жеңілдетілген несие беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге бөлінді -
Азық-түлік бойынша дүрлікпеге ешқандай себеп жоқ – Б. Сұлтанов -
Минскімен белоруссиялық алкоголь нарығына кіру мәселесін талқыланды -
АШМ инспекторлары 61 тонна қауіпті өнімнің Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды -
Сенаторлар асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты өзгертулер енгізуді ұсынды -
ЕАЭО елдеріне 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою қажет – Н.Назарбаев -
ДЖБ: Озық 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өнімділікті арттыру бағытын ұстануы керек -
ИНФОГРАФИКА: Қажеттілігі жоғары жандарға кедергісіз орта құру -
Ішкі туризмнің дамуына не кедергі? -
Сенат депутаттары өңірдің АӨК өсіміне үлес қосқан павлодарлық фермерлердің еңбегін атап атап өтті