ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайын 25 мыңнан астам оқырман келеді (ФОТО)

1 Шілде, 2015 20:23
Елорда күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Астананың маңызды нысандары туралы материалдар желісін жариялайтын болады.

Астана қаласындағы «Ұлттық академиялық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі 2004 жылдың 23 сәуір күні № 461 ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылды. Ал, 2004 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен  ҚР ҰАК-ның салтанатты ашылу рәсімі.

2005 жылдың 10 қыркүйегінде кітапхана алғашқы оқырмандарды қабылдады. Кітапхананың қызметімен жыл сайын 25 мыңнан астам оқырман пайдаланып келеді.

Бүгінде ҚР ҰАК  бұл Кітап пен Оқуды таңдап алған адамдардың баршасы үшін есігі ашық қазіргі заманғы ақпараттық мекеме.  Оқырмандар билігінде ақпараттық және сервистік қызметтің толық жиынтығы бар: электронды каталог, Интернет пен қашықтықтағы деректер базасына қолжетімділік, виртуальды анықтамалық қызмет, құжаттарды электронды жеткізу, кітаптар, газет-журналдар, мультимедиялық басылымдардың бай топтамасы.  ҚР ҰАК-ның қорында 860 мыңнан астам басылым бар. Оның оқу залдары бір мезгілде 500-ден астам оқырманды қабылдайды. Ал «Мәжіліс», «Диалог» және «Конституция» залдарында дәрістер, конференциялар, презентациялар, көрмелер және жұмыс кездесулер өткізу үшін толық жабдықталған жағдай жасалынған.  

Кітапханада барлығы 500 орынға есептелген  17 зал бар және оның 2,5 млн дана кітапты сақтай алатын кітап қоймасы бар.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар