- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Азия жаңғырығы» атты халықаралық цирк өнерінің фестивалі басталды
Астанада «Азия жаңғырығы» атты халықаралық цирк өнерінің фестивалі басталды
Фестиваль бағдарламасы бойынша онда Қазақстан, Бларусь, Ресей, Украина, Испания, Куба және Латвия елдерінің ең үздік деген әртістері өнер көрсетеді.
«8 жыл ішінде фестиваль өзінің сәтті жоба екендігін көрсетті. Біз халықаралық деңгейде беделді болдық. Фестиваль тек цирк өнерінің жоғары деңгейін ғана көрсетіп қоймай, халықаралық және ұлттық деңгейдегі ынтымақтастықтың да көрінісі болмақ. Ең бастысы осы. Цирк өнері бір орында тұрмайды. Біз астаналық цирк өкілдері ретінде тек өзіміз ғана дами алмаймыз, сол себепті де біз фестивальға қонақтарды шақырып жатырмыз. Елімізге түрлі мемлекеттерден өнер майталмандары келіп жатыр, олардың арасында халықаралық конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Бұл бір жағынан жарыс болса, бір жағынан шығармашылық тәжірибе алмасу»,-деді «Астаналық цирк» мекемесінің Бас директоры Ерік Жолжақсынов Астанада өткен баспасөз-мәслихаты барысында.
«Азия жаңғырығы» бағдарламасында цирк өнерінің барлық жанрлары қамтылған. Ал, ондағы ең тартымды қойылымдардың бірі танымал жануарларды үйретуші, көптеген марапаттардың иесі Владислав Гончаровтың «Арыстандар арасында жалғыз» атты қойылым болады.
«Менің карьерамда бұлі бесінші фестиваль. Мен Будапеште, Мәскеуде, Ижевскіде, Монте-Карлода болдым. Бүгін осында яғни, «Азия жаңғырығы» фестиваліндемін. Менің қойылымым 2003 жылдан бері толық аттракционда өтеді. Әр жыл және ай сайын ол жаңғырып, көркемдік деңгейі артып отырады.Бүгінгі таңда менің аттракционымда 10 аталық арыстан бар, олардың барлығының жастары бірдей. Менің тағы жетістігім, арыстандардың арасына мен өзімнің 11 жасар ұлымды қоса алдым»,-деді В.Гончаров.
Айта кететін мәселе, жал сайынғы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнерінің фестивалі шілденің 1-нен 8-не дейін жалғасады.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері