• Басты
  • «Бәйтерек» холдингі Астанада кезекте тұрғандарға пәтер үлестірді (Фото)
1 Шілде, 2015 14:32

«Бәйтерек» холдингі Астанада кезекте тұрғандарға пәтер үлестірді (Фото)

Бүгін «Бәйтерек» холдингі Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе қалаларының кезекте тұрған тұрғындарына пәтер берді.
«Бәйтерек» холдингі   Астанада кезекте тұрғандарға пәтер үлестірді (Фото) | Strategy2050.kz

«Мұнда «Бәйтерек» холдингі іске асыратын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама аясындағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлердің кезекті пулын үлестіру бойынша іс-шаралар өтті. Ағымдағы жылғы шілдеде осы қалаларда үлестірілуі жоспарланған пәтерлердің жалпы саны – 360-ты құрайды», - деді   «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атқарушы директоры С.Мәдиев.   

 «Бәйтерек» холдингі осы жылғы көктемде (наурыз, сәуір) Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында үлестіру үшін 2 437 пәтер ұсынды. Осы объектілер бойынша қазіргі кезде ҚИК Бағдарлама қатысушыларымен шартқа қою рәсімін аяқтауда.  

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері Холдинг Қазақстан қалаларында 2 797 мың жаңа пәтерді пайдалануға тапсыруды қамтамасыз етті.

 «Нұрлы жол» бағларламасының арқасында тұрғын үй құрылысы бөлігінде мемлекет  аса тиімді талаптар негізінде халықтың әлеуеметтік әлсіз топтарын қолжетімді, арзан баспанамен қамтамасыз етудің тетіктерін таба білді», - деп мәлімдеді С. Мәдиев.

Холдинг жалпы ауданы 453,5 мың шаршы метрлік (7805 пәтер) 49 нысан бойынша шартқа қол қойды, оның ішінде 2015 жылы – 361 мың шаршы метр (6185 пәтер) және 2016 жылы – 92,6 мың шаршы метр (1620 пәтер) пайдалануға беріледі.   

Бүгінде пәтер үлестіріліп жатқан бес қалада сатып алынған және салынған жалдамалы тұрғын үйлер: Алматы қ. – 88,6 мың шаршы метр,                    Астана қ. – 20 мың шаршы метр, Ақтөбе қ. – 13,8 мың шаршы метр,  Павлодар қ. – 25 мың шаршы метр, Қостанай қ. – 5,8 мың шаршы метр. 

Жалпы, 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары – «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 000 пәтерді сатып алу мен салуды жоспарлар отыр. 

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру аясында Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жалға берілетін тұрғын үйдің 1483 мың шаршы метрін немесе шамамен 29 мың пәтер беру жоспарланады.

Ботагөз Айтжанова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды