- Басты
- Жаңалықтар
- «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» атты эссе байқауының жеңімпаздары Қытайда оқуға грант ұтып алды
«Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» атты эссе байқауының жеңімпаздары Қытайда оқуға грант ұтып алды

Енді байқау жүлдегерлері Қытайдың Тау-кен ісі және технологиялар университетінің студенттері атанып, сондай-ақ, «Милан ЭКСПО-2015» Халықаралық көрмесіне барып қайтуға мүмкіндік алып отыр.
Байқау ұйымдастырушылары бір ай ішінде 2000-ға жуық мектепті аралап шығып, expo-mychina.kz сайтына 17000-нан аса адамды тарта алды. Байқауға 654 өтінім жіберілді, оның талаптарына жауап беретін 455 жұмыс пен өтінім іріктеп алынды. Байқауға қатысқан аймақтардың георгафиясы да кең болды: Астана мен Алматыдан бастап, ШҚО-дағы Тасқала, Қарағанды облысындағы Тассуат, Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка секілді кішкентай ауылдарға дейін 76 елдімекенде тұратын оқушылар байқауға өз эсселерін жіберді.
Қазақстандағы мектептер мен колледждердің түлектері келесі тақырыптардың біріне қатысты өз эсселерін жіберуі тиіс болды: «ЭКСПО көрмесін өткізудің менің елім үшін маңызы», «Жасыл» технологиялардың қазіргі заманғы әлем үшін маңызы» немесе «Менің кәсібім және Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына менің қосар үлесім».
Байқау комиссиясы екі апта бойы жұмыстарды қарап, қатысушылардың эссе тақырыбын қаншалықты терең әрі нақты ашып көрсете алғанына баға берді. Жеңімпаздар қатарында мектептегі түрлі пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері, шығармашылық байқаулардың лауреаттары, ғылыми жобалардың авторлары болды, іріктеу кезінде байқау қатысушыларының осындай жетістіктеріне де айтарлықтай мән берілді.
«Өзімнің эссемде мен болашақтағы баламалы энергетиканы дамыту ісінде ақпараттық технологиялардың алар орнына басты назар аудардым. Баламалы энергия көздері және ақпараттық технологиялар әлемдік экономика мен энергетикалық өнеркәсіпті дамудың жаңа кезеңіне шығарып отырған қозғалтқышқа айналуда. Сондықтан еліміздің экономикасын дамыту үшін жастарды осы салаларға оқытуға үлкен мән беру қажет деп есептеймін. «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» эссе байқауы секілді іс-шаралар осыған өз септігін тигізуде», - деп атап өтті өз сөзінде байқау жеңімпаздарының бірі болып табылатын Орал қаласының оқушысы, республикалық олимпиадалардың жүлдегері Алина Қожамұратова.
Жалпы ең үздік деген 15 жұмыс іріктеп алынып, эссені жазған он оқушыға Қытайдың Тау-кен ісі және технологиялар университетінде оқуға грант беріліп, бес қатысушы Миландағы ЭКСПО көрмесіне жолдама алды. Сондай-ақ, салтанатты марапаттау рәсіміне серіктес болған «Транстелеком» АҚ компаниясы қатысушыларға естелік сыйлықтар берді.
Байқау «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе іске қосқан оқушыларға арналған білім беру жобаларының топтамасы аясында өткенін еске салып өткіміз келеді. Атап айтқанда, елорда оқушылары мен студенттері арасында «ЭКСПО-2017» Кубогы үшін пікірсайыстар өткізілетін болады. Ал осы жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығына арналған республикалық байқау басталады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар

