• Басты
  • Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу рәсімі анағұрлым жеңілдетілді (Фото)

Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу рәсімі анағұрлым жеңілдетілді (Фото)

1 Шілде, 2015 15:34
Қабылдаудың барлық қағидаларына құжаттар ресімдеу бойынша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, аралық сатылар қысқартылып, кәсіби іріктеу кезеңдерінің әділеттігі арттырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Енді әскери оқу орындары оқып-үйренушілердің анағұрлым сапалы контингентін іріктей алады. Қабылдау қағидаларына енгізілген жаңашылдық маңызды және елеулі болып табылады.

«Жас ұланды» қоса есептегенде, барлық республикалық әскери мектеп-интернаттарына қабылдау жергілікті әскери басқару органдарынан өтіп барып, 9-сыныптан кейін (10-сыныптан бастап) жүзеге асырылады.  Енді байқау ҰБТ (ТКТ) тапсыру нәтижелері бойынша ғана емес, кәсіби іріктеудің барлық кезеңдерінен өту қорытындысы бойынша есептелінетін рейтингтік балл арқылы жүргізілетін болады. 

 ҰБТ сертификаттарында таңдау бойынша пәндердің түрлері көбейеді. Атап айтсақ, физика, химия, биология, жағрафия, «Әскери іс және қауіпсіздік» тобының барлық мамандықтарына арналған дүниежүзі тарихы.  Бұдан өзге, ғылыми негізде кәсіби-психологиялық іріктеу үшін  жаңа тестілер әзірленеді.

ҚР Қарулы Күштерінің құрылу кезінен бастап әскери кадрларды даярлау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетіндігін айта кету қажет.  Қолданыстағы әскери оқу орындары білім берудің барлық деңгейлері мен дәрежелерін ұсынуда және сержанттардан бастап офицерлерге дейін әскери мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, сондай-ақ қаруланған күрес құралдарының даму үрдісін, әскерлер мен қаруды басқару, заманауи ұрыстар мен қарулы жанжалдарда ақпаратттар рөлінің ұлғаюын ескере отырып, кадрларды даярлау жүйесі ұдайы жетілдіріледі.

 

 

Барлық жаңалықтар