- Басты
- Жаңалықтар
- «Алтын тобылғы» көптеген қазақстандық және әлемдік дарынды авторларды танытады
«Алтын тобылғы» көптеген қазақстандық және әлемдік дарынды авторларды танытады
«ҚР Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы қорының негізгі міндеттерінің бірі шығармашыл жастардың әлеуетін арттырып, өнер мен мәдениет саласындағы дарынды жобаларды қолдау болып табылады. Біз бұл істі 15 жылдан бері жалғастырып келеміз. Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті қорының әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығы байқауының басталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл біздің жас әдебиетшілерімізді біріктіріп, қолдауға бағытталған әдеби, республикалық сыйлық»,-деді С.Нұраханов.
Қордың атқарушы директоры қазақстандық және әлемдік әдебиет, өнерсүйер қауым үшін жаңа есімдерді танытанынына сенімді.
«Отандық авторлардың туындылары қазақстандықтардың мақтанышы болады. ҚР Президентінің тап осы сөздері кең ауқымдағы аталған сыйлықтың тағайындалуына негіз болды. Біз сыйлықты тағайындау Қордың отандық әдебиетті қолдауға қосқан елеулі үлесі болады деген ойдамыз. Жалпы біздіңше, мұндай іс-шаралар отандық әдебиетке деген сүйіспеншілікті туындатады, оның тарих тереңіне үңіліп, рухани бастауларына жеткізіп, оқуға деген ынтызарлықты тудырады»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қоры – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы бекіткен коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік, қайрымдылық, мәдени, оқу-ағарту және өзге де қоғамдық-саяси жобаларды жүзеге асырады.
Анар Тәңірқұлова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы