- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Н.Назарбаевтың «Өмір өткелдері» кітап-сұхбаты таныстырылды
Астанада Н.Назарбаевтың «Өмір өткелдері» кітап-сұхбаты таныстырылды
Елбасының өмірі мен қызметі туралы отандық және шетелдік авторлармен аз кітап жазылған жоқ. Олардың басым бөлігі өзге тілге аударылып қайта басылып шықты. Сонымен қатар, Президенттің өз қаламынан шыққан кітаптарда аз емес «21 ғасыр қарсаңында», «Қазақстандық жол», оларда егемендігіміздің ең жарқын сәттері туралы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы бұған дейінгілерден өзгеше. Ол кітап-сұхбат, тәубаға келу кітабы. Онда Елбасының уақыт пен өзі туралы ойтолғамдары бар.
«Бүгін Елбасының таныстырылып отырған «Өмір өткелдері» кітабының ерекшелігі оқырмандар Мемлекет басшысының ел өмірінің өзгеріске толы кезеңдері мен қалыптасу тарихындағы айтулы шешімдерге деген жеке қөзқарасымен таныса алады»,- деді ҚР Ммелекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова кітапты таныстыру барысында.
Сонымен қатар ол атап өткендей, бұл басылым бірінші кезекте жас оқырмандар үшін баға жетпес құндылық.
Кітап 16 тарау мен 570 парақтан тұрады.
Өз кезегінде шара модераторы Елбасы қызметі туралы бірқатар кітаптардың авторы Махмуд Қасымбеков Президенттің жаңа кітабының ерекшеліктерін ашып берді. Бұдан басқа, «Өмір өткелдері» кітабы туралы пікірімен белгілі мемлекеттік қайраткерлер Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Төлеутай Сүлейменов, Александр Тараков бөлісті.
Индира Кауметова
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды
-
Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер таныстырылды -
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды -
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды -
Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды -
Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды -
Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды