• Басты
  • Мәскеуде «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
1 Шілде, 2015 10:39

Мәскеуде «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің бастамасы бойынша 400-парақтан тұратын жаңа кітаптың жарыққа шығуына байланысты келесі пікірін айтты, деп хабарлады ҚР РФ-дағы Елшілігі.
Мәскеуде «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

«Қазақстан Президенті тәуелсіздікті нығайтудың ең күрделі болған алғашқы кезеңі өткеннен кейін Елбасының басқару стилін өзгертуін және жаңа қасиеттер қалыптастыруын талап еткен жаңа саптағы қауып-қатерлермен кездесуге мәжбүр болды», – Елшінің айтуынша. «Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев басқа болып өзгерді. Егер ол бірінші кезеңде бұрыңғы экономикалық жүйесін басқару тәжірибесі жеткілікті беделді өңірлік саясаткер болған болса, екінші кезеңде ол тәуелсіздікті алған бірақтан қийыншылықтардан белгісіз болашаққа енді ғана асып бара жатқан қоғамның көшбасшысы болғанын көрдік. Қысқаша айтқанда, көшбасшы – жаңғыртушы».

Н.Ә.Назарбаевтың саяси көшбасшылығының жаңа қырлары әлемдегі саясаткерлер мен экономистер "Не істейміз?" деген сұрақты тұғызған дүниежүзіндегі туындаған дағдарысты оқиғалармен байланысты соңғы онжылдық мерзімінде пайда болды.

« Н.Ә.Назарбаев осы дағдарыстың негізін терең теориялық түсіндірме берген қазіргі әлемнің азғана саясаткерлер қатарында болуда. Бірақтан, осымен барлығы шектелген жоқ – Қазақстан қатаң және батыл шешімдер қабылдаған арқасында дүниежүзіндегі экономикалардың көбісімен салыстырғанда дағдарыстан аз шығынмен шықты», - деп ерекше назар салды қазақстандық дипломат.

Марат Тәжиннің пікірі бойынша, әлемнің дағдарыстан кейінгі дамуы мәселесі көшбасшыларынан басқарудағы жаңа тәсілдемені талап етуде. Қазіргі замаң бағалау өлшемдерін жаңадан өзгертуде. Бірінші қатарға ең маңызды үш ерекшеліктер шығуда.

Біріншіден, ол саясаткерлерден талап етілетін зияткерлік қасиеттерінің орта деңгейі аса жоғарлағаны. Екіншіден, ұлттық инновациялық жобаларды қалыптастыру және іске асыру қабілеттігі, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуге мәжбүр ететін басқарудағы саяси және экономикалық таңдаулы топтар алдында кең ауқымды тапсырмалар қою қабілеттігі. Үшіншіден, экономикалық көрсеткіштерінің маңыздылыгына қарамастан, шынайы көшбасшылық болащақта қоғамда болып жатқан саяси, экономикалық, этникалық және дінаралық үдерістері арасындағы теңгеру шеберлігін талап етеді. Аталмыш қоғамдағы үдерістер бір-біріне жиі қарсы келуде.

«Жалпы айтқанда, қазіргі көшбасшыдан ең маңызды үш қасиет талап етілуде – интеллект, жаңартпашылық, теңгерімділік. Қазақстанның көшбасшысы дәл осы үш қасиеттерді көрсетуде», – мәлімдеді Қазақстан Елшісі.

"Бұл кітап – үлкен, мықты ел жайлы, ғарышты бағындыру туралы, ұлттық дипломатияның дүниеге келуі туралы, ядролық сынақтардан және осы қарудан бас тарту туралы, Болашақ мегаполис болатын – Астананың керемет құрылуы, және Еуразия экономикалық кеңістігінің қалыптасқаны туралы .... және ең бастысы - мың жылдықтар аралығында өркенделген көпұлтты қазіргі замаңғы Қазақстан секілді ғажап халықаралық көрінісінің пайда болуына тер төккен адам туралы".

Бұл басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке қасиеттеріне және қызметіне арналған ресейлік жетекші көсемсөзшілерінің, шолушыларының, халықаралық журналистерінің очеркілері кірді.

Кітапқа жазған көсемсөзшілерінің арасында – өнер одақтарының, ең ірі басылымдарының басшылары, жоғары марапаттардың иелері және беделді премиялардың жеңімпаздары – Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополов бар.

Олардың барлығын да журналистикадағы үлкен тәжерибеге ие болудан басқа "Ресейдің алтың қаламдары" деген атаққа ие болуы да біріктіруде. Және де - әр автордың Қазақстан Президентіне өте жылы, тілектес және эмоциялық бояуы бар ортақ қатынасы очеркілерінде байқалады. Біреуі Нұрсұлтан Назарбаевты жеке таниды, бір жылдары және түрлі оқиғаларда жүздескен еді. Басқалары кезінде одан сұхбат алған, немесе жылдар бойы еліміз көшбасшысының жарқын өмірбаянын және көпқырлы қызметін кәсіби зерттеумен айналасқан.

Елбасының сан қырлығы – "Президент", "Дипломат", "Реформатор", "Полигон", "Космодром", "Союзник", "Земляк" секілді очеркілердің атауында да көрінуде және очеркілерде Қазақстан Президентінің ұзақ қызметіндегі ең күрделі кезеңдеріне өте терең публицистикалық көзқарас берілуде.

Салтанатты кеш Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевты "Еңбегі сіңген үшін" деген РФ Журналистер одағының ең жоғары наградасымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жәрдемімен өткен таныстыру рәсіміне ТМД және бірқатар еуропа елдері дипломатиялық өқілдіктерінің басшылары да келіп қатысты.

 

Барлық жаңалықтар