- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында халықтың 32,4 % ШОБ саласында жұмыспен қамтылған
Қарағанды облысында халықтың 32,4 % ШОБ саласында жұмыспен қамтылған
Облыс әкімдігінен хабарлағандай Статистика департаменті аймақтағы шағын кәсіпорындардың қызметін зерттеді.
Санақ мамандарының мәліметі бойынша 2015 жылғы I тоқсанда орта есеппен алғанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын облыстың шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны 63414 адамды құрады, 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,6%-ға өсті.
«2015 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 80980 теңгені құрады, 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21,8%-ға өсті. Ең жоғары орташа айлық жалақы көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу шұғылданатын кәсіпорын қызметкерлерінде анықталды 116420 теңге», - делінген хабарламада.
2015 жылғы I тоқсанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 52,7 млрд. теңгені құрады, алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,1%-ға өсті. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде кәсіпорындарының үлес салмағы көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарында 30,2%-ды, өнеркәсіп кәсіпорындарында 22,8%, құрылыста - 14,4%-ды құрады.
Ал, 2015 жылғы I тоқсанда өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс 138,7 млрд.теңгені құрады, алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4%-ға кеміді, деп хабарлады санақ мамандары.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары