• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2,76 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2,76 млрд долларды құрады

1 Шілде, 2015 11:27
Облысқа сауда-экономикалық миссиясымен келген Румыния делегациясын Қарағанды облысының электроэнергетика саласы мен «Қарағанды Энергоорталығы» (ЖЭО-1 мен ЖЭО-3) пен «Қарағанды Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызықтырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Румыния өкілдері өздерінің өнеркәсіп компанияларының таныстырылымын жасап, қарағандылық өнім өндірушілермен ынтымақтастықтың жолдары мен екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан мен Румыния елшіліктері Прахов өнеркәсіп палатасының (Румыния) қолдауымен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесіне байланысты ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Конференция жұмысына Прахов өңірінің мекемелері мен жетекші комапнияларының 50-ден астам өкілдері қатысты. Румыниялық кәсіпкерлердің Қазақстанға деген сауда-экономикалық келісімдері сол уақытта жасалған болатын. Румыния тарапы өнеркәсіп өңірлерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға барынша қызығушылық танытты. Конференцияда Румыния АСтанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын ресми мойындады.    

Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 15-шілдесінде қалыптасты. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылдың қаңтар мен қазан аралығында 2,76 млрд долларды құрады.   

 

Барлық жаңалықтар