«Нұр Отан» отандық бизнесті жаппай қолдауды қуаттайды - Б. Байбек

1 Шілде, 2015 11:12
Бизнес орта таптың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады, сондықтан да «Нұр Отан» партиясы отандық бизнесті жаппай қолдауды қуаттайды, деді Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның негізгі бастаушысы болып табылады. Бизнес орта таптың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Сондықтан «Нұр Отан» отандық бизнесті жан-жақты қолдауды қуаттайды», -деді Б.Байбек.

Б.Байбек «Нұр Отан» партиясының Доктринасында азаматтардың қызметіндегі мемлекеттің, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында табысты бизнестің дамуына негізделген экономикалық өсімнің гүлденудің жемісті факторы болып белгіленгенін атап өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты партия жеке меншікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды, өңірлердің үйлестірілген дамуын, инновация мен экспортты ынталандыруды, экономиканы диверсификациялауды, инфрақұрылымды дамытуды жақтайды. Бұл экономиканың икемділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік  бастаманы іске асыру үшін қажетті жағдай», - деді Б.Байбек.

Отырыс барысында Б.Байбек бүгінгі таңда Мемлекет басшысының саясатының арқасында елімізде кәсіпкерлік үшін жүйелі жағдайлар жасалғанына тоқталды.

«Нұр Отан» партиясының Сьезінде Елбасы бастамашы болған Бес халықтық реформа бизнестің дамуы және Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін институтционалдық жағдай туғызуға бағытталған», -деді Б.Байбек.

Сонымен бірге Б.Байбек мемлекеттік аппараттың, бизнес пен қоғамның сенімді өзара тығыз әрекетінің ғана кез-келген сын-тегеурінге төтеп беретін мүмкіндік туғызатын тұрақты мемлекеттің негізі болып табылатынын атап өтті.

Бүгін Астанада  «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткенін айта кеткіміз келеді.   Кеңес отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөнінде тұжырымдамалық ұсыныстарды әзірлеу үшін сұхбаттасу алаңы болуды көздейді.  Отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктер мен меморгандардың күш-жігерін біріктіру Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің міндеті болады.  Аталған Кеңеске  сарапшылар тобының жұмысын жемісті басқарып келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Айгүл Соловьева басшылық етеді.


 

Барлық жаңалықтар