- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті: Мен үшін халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем
Қазақстан Президенті: Мен үшін халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем
«Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды әрі солай бола бермек», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өскенін, ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарғанын айтты.
«Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық. Біз ұлт денсаулығын жақсарту ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік», – деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру үшін оны ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі реформаланғанын еске салды. Соның нәтижесінде Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті.
Оның айтуынша, білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда.
«Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда», – деді Н.Назарбаев.
«Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік», – деп қорытты Мемлкет басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек