- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет отырысында Қазақстанның ДСҰ-на кіруі аспектілері қаралды
Үкімет отырысында Қазақстанның ДСҰ-на кіруі аспектілері қаралды
Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова мәлімдегендей, «22 маусымда Женевада жұмыс тобының ақырғы отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ-на мүшелігі шарттарын анықтау бойынша келіссөздерді аяқтау туралы ресми жарияланды».
Министрдің мәліметінше, келіссөздер төрт бағыт бойынша жүргізілді. Олар – ауыл шаруашылығын қолдау, жүйелік мәселелер, қызмет көрсету және тауарлар нарқтарына қолжетімділік.
«Соңғы 5 жыл бойы жалғасқан келіссөздер нәтижесінде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құнының 8,5 % көлемінде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігін сақтап қалды. Ал, негізі ДСҰ елдері үшін стандартты мөлшерлеме 5 %-ды құрайды», - деп баса айтты Ж.Айтжанова.
Аталған қолдау Үкіметке «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайын АӨК-ке көмек көрсетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. «АӨК жалпы өнімінің болашақта өсуі кезінде сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік дотацияның көлемі артады», - деп толықтырды Ж.Айтжанова.
Министр сондай-ақ тауарларға кедендік әкімшілік ету аспектілері, ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын үйлестіру, экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы өтпелі кезеңдердің шарттары туралы баяндады.
Отырыста сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар басшылары сөз сөйледі, олар салалық нормативтерді ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру, заңнамалық базаны қалыптастыру бойынша шаралар туралы мәлімдеді.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер