Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар жасады

30 Маусым, 2015 19:02
Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды;

Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар