- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазмедиа орталығы» ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған
«Қазмедиа орталығы» ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған
2011 жылдың 10-желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Қазмедиа орталығы» қазақстандық медиа орталығын ашты. Бұл қазіргі заманға сай салынған цифрлік медиатехнология саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іскерлік, технологиялық кешен.
Телерадиокешен 22 қабаттан тұрады. Онда сапалы медиаконтент үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. 22-ші қабатта орналасқан екі көрініс студиясы мен екі конференция залы бар және олар қала көрінісіне қарай салынған. Онда арнайы бағдарламалар түсіріледі. Синхронды аударма жүйесімен жабдықталған екі конференция залында журналистердің жедел жұмысына арналған 200 орын бар. Орталыққа сонымен қатар, дыбыс жазбаларының заманға сай студиялары бар. Онда телебағдарламаға байланысты барлық түсірілімдер жүзеге асырылады. Сондай-ақ киноконцкрт кешені де бар.
Телерадиокешенде «Хабар», «KazakhTV», «24.kz», «Білім және Мәдениет», «Қазақстан», «Балапан», «KAZsport», «Мемлекетаралық Мир телерадиокомпаниясы», «Еуразия бірінші арнасы», «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана» радиолары орналасқан.
2012 жылдың желтоқсан айында «Қазмедиа орталығы» ресми түрде Азиялық-Тынық Мұхиты хабар таратушы ұйымының теңқұқылы мүшесі болды. Бүгінгі таңда аталмыш ұйым құрамында 57 мемлекеттен 194 мүшесі бар. Ал оның нақты аудиториясы 3 млрд адамға жетті. Ол әлемдегі ең ірі хабар таратушы ұйымдардың үшіншісі болып табылады.
Анар Тәңірқұлова
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”