Өскеменде 9 тұрғын үй «Самұрық-Қазына» қорының қаржысына салынуда (Фото)

30 Маусым, 2015 18:46
9 тұрғын үйден құрылған кешенде 658 пәтер «Несиелік баспана» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Бір шаршы метрдің құны 129 мың теңгені құрады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің 19-шы ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының қаржысына салынды.

Тұрғын үй кешені жедел түрде салынды. Жұмысқа UTC панелі сынды заманауи материалдар қолданылды. Ол суыққа да ыстыққа да төзімді.

Осы жылы Шығыс Қазақстанда қордың қаржысына 6 көпқабатты үй тапсырылды, 14 үйдің инженерлік инфрақұрылымы жүзеге асырылуда.

Айта кетерлігі, облыста қаржыландыру қорының көздеріне 70 көпқабатты үйлер салынуда.

 

Барлық жаңалықтар