- Басты
- Жаңалықтар
- Испаниядан «Тальго-Тұлпар» вагондарын Астанаға жеткізумен «KTZ Express» компаниясы айналысатын болады
Испаниядан «Тальго-Тұлпар» вагондарын Астанаға жеткізумен «KTZ Express» компаниясы айналысатын болады
«Бүгін Астанаға «Тұлпар-Тальго» зауытында вагондар шығару үшін мишиналардың арнайы бөліктері жеткізілді. «KTZ Express» бас логистикалық провайдер болып табылады. Біз тасымалды Мадрид маңынан Астанаға жеткіздік. Бұл ара қашықтық 8 мың км құрайды. Тасымал автомобиль, теңіз және темір жол көліктері арқылы жүзеге асырылды. «KTZ Express» логистикалық провайдері мультимодальды көлік-логистикалық қызметінің ұйымдастырушысы болып табылады. Біз тасымалдың барыншы аз уақытта жүзеге асырылғандығының куәсі болып отырмыз. Біз тасымал мерзімін оңтайландырып, логистиканың жаңа желілерін қолданып, жүкті тасымалдауға кететін шығынды азайту үшін техникалық құралдарды қолдандық. Алдағы уақытта біз мерзімді бүгінгіден де азайтуға күш саламыз»,-деді С.Анашкин.
Осылайша, тауарға зиян келтіру мен оның тасымалының құнына байланысты тәукелдерді азайту мақсатында жүктің біраз бөлігі Мадрид маңындағы «Тальго» зауытынан Бильбао айлағына көлікпен жеткізілді, ол жерден теңіз көлігі арқылы Еуропаның жағалауына Эстонияның Палдиски айлағына жеткізілді. Бұдан әрі жәшіктер темір жол көлігіне салынып, Эстониядан Ресейге, одан әрі Астанаға жеткізілді. Машинаның өзге де майда бөліктері елордаға көлікпен тура мезгілінде жеткізілді.
Бұрын «Тұлпар-Тальго» серіктестігі бұл жүктерді Қазақстанға тек автокөлікпен жеткізетін және штелдік логистикалық провайдерлердің көмегіне жүгінетін.
Ботагөз Айтжанова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады -
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады -
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай -
Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады