- Басты
- Жаңалықтар
- Кореядағы жазғы Универсиадаға 95 қазақстандық студент елдің намысын қорғайды
Кореядағы жазғы Универсиадаға 95 қазақстандық студент елдің намысын қорғайды
Айта кету керек, «Универсиада ауылында» Қазақстанның көк туы өзге елдерден бірінші болып көтерілді. Сапар барысында министр студентермен кездесіп, «Универсиада ауылына» жайғасқан отандық спортшылардың жағдайымен, дайындығымен танысты. Сондай-ақ, министр 2017 жылы Қазақстанда өтетін Универсиада қарсаңында әлемдік тәжірибені пайдалану үшін спорттық алаңдар мен кешендерді аралап шықты.
«XXVIII Бүкілдүниежүзілік жазғы Универсиада 2015 жылдың 3–14 маусым аралығында Кванджу қаласында (Корей Республикасы), спорттың 21 түрінен өтеді. Қазақстандық 95 спортшы таеквондо, дзюдо, жеңіл атлетика, семсерлесу, садақпен ату, оқпен-стендтік ату, гольф, академиялық есу, жүзу және спорттық гимнастикаға сынды спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Қазіргі күні құрама мүшелері штаттық режимде дайындық жүргізуде», - делінген хабарламада.
Студенттерді жаттықтырушылары және арнайы бекітілген адамдар алып жүреді. Спортшыларымыз бірінші орындарды жарыстың жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, оқпен-стендтік ату түрлері бойынша алады деген үміт бар. Құраманың негізгі мақсаты – 2007 жылы Тайландта қол жеткізген жетістікті қайталау. Еске сала кетейік, аталған елде Қазақстан командасы 5 алтын медальмен 11 орынға табан тіреген болатын.
Универсиада 3 шілде күні салтанатты түрде ашылады. Ал 2 шілде күні өтетін Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) ұйымдастыратын гала-кеште Қазақ спорт және туризм академиясы «Үздік университет» наградасымен марапатталады. Бұл награданы бұған дейін тек француздық Сорбонна алған екен. Аталған номинация Трентинодағы қысқы Универсиадаға (2013) және Қазандағы өткен жазғы Универсиадаға (2013) қатысқан қазақстандық кәсіби спортшылар - студенттердің саны ескеріліп беріледі.
Халықаралық студенттік спорт федерациясы әлемдік және қазақстандық студенттік спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақ спорт және туризм академиясының жұмысына жоғары баға беріп, алғысын білдірді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды