- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде түнде іс-қимылдарды пысықтай отырып, бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар өтті (Фото)
ҚР Қарулы Күштерінде түнде іс-қимылдарды пысықтай отырып, бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар өтті (Фото)
«Бұл оқу-жаттығулар далалық жағдайларда ғана емес, сонымен бірге қосымша қиындықтары бар таңсық таулы жерде өтетіндігімен ерекшеленеді. Күрделі тапсырмалардың бірі түнгі жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтау болды, өйткені, шартты қарсылас қараңғылықты пайдаланып шабуыл жасауы мүмкін», - делінген хабарламада.
Мұндай жағдайларда бөлімше командирлері бөлімшелердің өзара іс-қимылын сауатты басқаруы және ұйымдастыруы тиіс. Осыған байланысты, олардан жоғары кәсіби шеберлік қажет етіледі, ал жауынгерлік іс-қимылдарды сәтті өткізу батальон және дивизион командирлеріне байланысты. Оқу-жаттығуларға «Астана» өңірлік қолбасшылығының барлық штаттық техникасы тартылды.
Атап айтқанда, ЖӘЖМ, бронетранспортерлар, танктер, артиллериялық қондырғылар, оқ ату қару-жарағы. Одан басқа, майдандық және армиялық авиацияны қолдану жоспарлануда. Оқу-жаттығуды «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов басқарады. Бүгінгі таңда оқу-жаттығу орталығында взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде.
Оқу-жаттығуларды өткізу орындарында тылдық, техникалық және медициналық қамтамасыз ету орналастырылған. Марш жасағаннан кейін оқу-жаттығуға қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарға дайындықты бастады. Әскери қызметшілер бригада құрамында шабуылдау орнына шығады. Оқу-жаттығу жоспары бойынша қорғанысты ұйымдастыру, әскерлерді қамтамасыз ету, шартты қарсыластың базасын жою және әскерлерді басқару пысықталатын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар