- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалықтар жазғы спартакиадада 8 жүлдеге ие болды
Қызылордалықтар жазғы спартакиадада 8 жүлдеге ие болды
30 Маусым, 2015 20:28
Атырауда Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы аясында байдарка мен каноэде есуден өткен жарыста Қызылорда облысының спортшылары 8 жүлдені олжалады. Жерлестеріміз жарыс бағдарламасы бойынша бірлік пен екілікте сынға түсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атап айтсақ, 500 метр қашықтықта каноэ-екілік бәсекесінде Мерей Медетов пен Нұржан Рахимов спартакиада чемпионы атанды.
Сондай-ақ, Мерей мен Нұржан 200 метр қашықтықта каноэ-екілікте екінші орынды иеленсе, Мерей бірлік бәсекесінде 1000, 500 және 200 метр қашықтықты бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұржан Рахимов 5000 метр қашықтықта Мерейдің жүлдесін қайталады.
1000 метр қашықтықта каноэ-екілік сайысында қос спортшы да қола жүлдені иеленді. 3000 метр қашықтықта қыздар арасында каноэ-бірлік бәсекесінде өнер көрсеткен Айгүл Аталиева үшінші орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков пен жаттықтырушы Диана Хазиева дайындады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті