- Басты
- Жаңалықтар
- «Алматы – Жетіген – Достық» бағытындағы пойызды іске қосу үшін бюджеттен 63 млн теңге бөлінді
«Алматы – Жетіген – Достық» бағытындағы пойызды іске қосу үшін бюджеттен 63 млн теңге бөлінді
Бұл - Алакөл көлінің маңында туризмді дамыту мақсатында қолға алынып отырған шара. Жолаушыларға арналған жаңа пойызды Алматы облысының әкімдігі субсидиялап отыр. Темір жолдағы қосымша бағытты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 63,0 млн. теңге бөлінді.
Мамандардың айтуынша, 6 жолаушы вагонынан тұратын «Алматы - Жетіген - Достық» бағытындағы пойыз аптасына үш рет жолға шықпақ. Демалыс орнына дейінгі жол ақысы шамамен 4-8 мың теңге аралығында.
Пойызды алғашқы сапарға салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі барысында көпшілік қауымға және көл жағалауында демалысты ұйымдастырушы туристік фирмаларға арналып баспасөз мәслихаты өткізілді. Мәслихатқа қатысушылар өңірдегі туризмді одан әрі дамыту және оның болашағы, темір жолдағы қосымша бағытты ұйымдастырудың маңызы туралы сөз қозғады.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қатысты. Серік Тұрдалиевтің айтуынша, жолаушылар пойызын ертең Алакөл ауданы Көктұма ауылында тұрғындар күтіп алады. Жаңа пойыз Алматы облысында туризмді дамытуға жасалған сәтті қадам болмақ.
Естеріңізге салсақ, Алакөл ауданы Ақши ауылында туристердің жайлы демалуына жағдай жасау мақсатында заманауи көпсалалы емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. 6 гектар жерді алатын жаңа кешеннің құрамында 6 қабатты қонақ үй, мейрамханалар, жабық бассейн, спа-орталық, спорттық-ойын алаңдары және т.б. болады. Бұл құрылыс жұмыстарының барлығы келер жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді