- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің экстремизмге қарсы конференциясында қорытынды құжат қабылданды
Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің экстремизмге қарсы конференциясында қорытынды құжат қабылданды
«Коференция өңірлік сипатта өтті және ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерін біріктіреді, сонымен қатар, зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру жөніндегі Жаһандық Саммитке дайындықтің бір бөлігі деуге болады. Саммит АҚШ Президенті Барак Обаманың бастамасымен биылғы жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының аясында Нью-Йоркте өтеді. Алғашқы ұйымдастыру саммитіне АҚШ Президенті бастамашы болып, биылғы жылдың ақпанында өтті»,-деді Е.Ыдырысов.
Оның сөзінше, қауіпсіздік күн тәртібіне қойылған мәселелердің басты бағыты болды, Орталық және Оңтүстік Азиядағы жағдай жердің өзге аймағындағы елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрақтылығына үлкен әсер етуде.
«Біз қорытынды құжат – конференцияның төрағаларының есебін дайындадық. Бұл АҚШ-та өтетін саммиттің дайындығына қосқан үлесіміз ретінде ұсынылатын болады. Мен бүгінгі жиында айтылған кеңестер мен тілектер, идеялар АҚШ-тағы саммиттің маңызды бөлігі болады деген ойдамын. 29-шілдеде АҚШ Римде тағы бір үйлестіруші іс-шара ұйымдастырып, самитке қатысты мәселелер сөз болады»,-деді Е.Ыдырысов.
Қорытынды құжатта 20-дан астам кеңестер бар, олардың арасында экстремистердің әлеуметтік желілерді пайдаланып жасайтын қауіптеріне назар аудару керектігі, зорлық-зомбылық экстрмизмі идеологиясын әлсірету, зорлық-зомбылық экстремизміне қатысты жергілікті тұрғындардың «иммунитетін» күшейту сияқты мәселелерді ерекше айтуға болады.
Ботагөз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар