- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық инновациялар байқауы 5 аталым бойынша өтеді
Ұлттық инновациялар байқауы 5 аталым бойынша өтеді
Байқау «Мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Қазақстан, ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің стар-тап командалары үшін Technation акселерациялық бағдарламасы», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорындағы рационализаторлықты қолдауға бағытталған үздік жүйе» аталымдары бойынша өтеді. Бұған қоса онда тағы журналистерге арналған тренингтер өткізіліп, оның қорытындысы бойынша үздік материалдардың автторлары анықталады.
«Бізге ұлттық инновациялық жобаның субъектілерін қоздыру маңызды, өйткені біз бәрін осы үдеріске араластыруымыз керек. Биыл біз мектеп қабырғасынан бастағанды жөн көрдік. Біз жалпыұлттық инновациялық байқаудың аясында түрлі аталымдарға бастамашы болдық. Олардың бірі техникалық колледждердің 10-11 сынып оқушылары, олар IT жобалармен, физика, химиямен қызығып айналысуда»,-деді Ж.Сәлімов.
Ұлттық технологиялық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Қазақстан, ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің командалары үшін Technation акселерациялық бағдарламасын ерекше атап өтті.
«Қазіргі таңда байқауға қатысуға 15 өтініш түсті, олардың 9-ы еліміздің азаматтарынан келген. Өтініштер 15-шілдеге дейін мобильді технологиялар, электронды коммерция, аспан есептеулері, медиа-технологиялар сияқты бағыттар бойынша қабылданады. Ең үздік деген 7 жобаның авторы АҚШ-тың Кремний алқабында акселерациядан өтеді»,-деді ол.
Қазақстанға келісімен командалардың барлығы өздерінің жұмыстарын жалғастыру үшін 5 млн теңгеге дейін инвестиция алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы