- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың күзінде Ұлттық инновациялар байқауы іске қосылады
2015 жылдың күзінде Ұлттық инновациялар байқауы іске қосылады
«Екінші бесжылдық аясындағы инновациялық саясаттың міндеттерінің бірі өңірлік стартап-хабін қалыптастыру болып табылады, яғни елде жаңашылдардың ортасы қалыптасып, оларға қолдау көрсетіледі. Біз Чили, Ресей, Израиль сынды елдердің тәжірибелерін зерттедік. Біздің бағдарламамыз тек еліміздің азаматтарына ғана емес, шетелдіктерге де ұнайды деген ойдамыз»,-деді Л.Садықова.
Оның сөзінше, мұндай тетік Қазақстанға шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік жасап, адам капиталының сапасын арттырады. Негізгі бағыт ТМД мемлекеттері мен Орталық Азияға бағытталып отыр.
«Біз географияны кеңейтіп, кросс интернационалды командалар құру жолында жұмыс істеп жатырмыз, бұл командалар жаһандық өнім өндіретін болады. Биылғы жылдың инновациялық серпін берген жобасы Technation акселерациялық бағдарламасы болды. Біз ең мықты деген технологиялық командаларды тартудамыз, сондай-ақ мықты менторлық қолдау көрсетіп, жаһандық нарыққа шығаратын өнім дайындаудамыз»,-деді ол.
Бұл ретте ол негізгі мақсаттың коммерциялық жағынан тартымды, нарыққа негізделген жобаларды қолдау екендігін атап өтті.
«Біз аталған жобалардың барлығы Қазақстан экономикасына жағымды әсер етеді деген ойдамыз. Сонымен қатар, аталмыш жоба әлеуметтік серпін береді деп үміттеніп отырмыз, себебі жобаның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылады»,-деді Л.Садықова.
Анар Тәңірқұлова
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі