- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 97 мың оқушы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі (Фото)
Ақмола облысында 97 мың оқушы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі (Фото)
Облыстағы балалар демалыстарының негізгі түріне мектеп жанындағы лагерьлер жатады. Облыс бойынша барлығы 675 мектеп жанындағы лагерьлер бар, оларда жаздың алғашқы айында 23771 оқушы дем алды.
Оған қоса 106 палаталық және спорттық лагерьлерде демалыстар ұйымдастырылған. Маусым айында оларда 2900 оқушы дем алған.
12837 оқушы көгалдандыру бойынша бригадаларда, жұмыс жасақтарында және мектептік орманшылықтарда еңбек қызметімен қамтылған.
Жалпы жазғы еңбекпен қамту кезеңінде 49 378 оқушыны тарту жоспарланған.Бүгінгі күні 3590 оқушы қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен аулалық клубтарға баруларын жалғастыруда. 2113 оқушы зияткерлік бағыт бойынша лагерьлерде, «Жас ұлан», «Жас Қыран» лидерлер мектептерінде айналысуда.
Білім беру ұжымдары облыс және Республика бойынша таныстыру сапарлары мен жорықтарын, экскурсияларды ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. 3292 оқушы Астана, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай ауданында тарихи құндылықтары бар орындарды аралап шыққан.
Оған қоса, облыстың 30 оқушысы халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен спорттық жиналыстарына, туристік сапарларға қатысты.
Тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларды сауықтыру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 19851 оқушы (100 %) жазғы демалыстармен қамтамасыз етілген.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі