- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылы ЕО пен Қытай арасындағы жүк тасымалының 10 пайызы Қазақстан арқылы өтеді – сарапшы
2020 жылы ЕО пен Қытай арасындағы жүк тасымалының 10 пайызы Қазақстан арқылы өтеді – сарапшы
«Сарапшылардың түрлі бағалаулары бойынша, 2020 жылы Қытай мен Еуропа арасындағы тауар айналымы кейбір есептер бойынша 800 млн долларға жетеді, ал ендігі бір мәліметтер бойынша, 1 трлн долларға дейін барады. Біздің мақсатымыз сол жүктердің басым бөлігін өзіміздің еліміздің аймағынан өтетін ету»,-деді Е.Қарин.
Оның сөзінше, Қазақстанда 2020 жылы Еуропалық Одақ пен Қытай арасында тасымалданатын жүктердің 10 пайызы Қазақстанның темір жолдары мен автомагистральдарынан өтеді деп жоспарланып отыр.
«Бүгінгі таңда Қазақстан арқылы өтетін тауарлар көлемі небәрі 1-2 пайыздың көлемінде. Енді Еуропалық Одақ пен Қытай арасындағы жүк тасымалы 117 млн тоннадан 170 млн тоннаға дейін жетеді деген болжам жасалуда. Қазақстан болса Қытай мен Еуропалық Одақтаң арасындағы жүктердің 10 пайызын Қазақстан арқылы өтетіндей етуге күш салып отыр»,-деді институт директоры.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық көлік-транзит жүйесін дамыту үшін 40 млрд доллар тартпақ, бұл өз кезегінде әлеуметтік серпін береді. Мысалы мамандардың бағалаулары бойынша, көлік саласын дамытуға жұмсалған 1 млрд доллар жұмыс орындарының санын 20 мыңға жеткізеді. Ал қосымша салаларда оның саны 11 мың болады.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған