- Басты
- Жаңалықтар
- 100-ден астам алматылық жас балдырған әскери қызметші кейпінде болды (Фото)
100-ден астам алматылық жас балдырған әскери қызметші кейпінде болды (Фото)
«Бұл ойынға Алматы қаласының әртүрлі аудандарынан жиналған 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам балауса қатысты. Кішкентай жауынгерлерге бірнеше кезеңнен өтуге тура келді. Біріншісі «Кедергі жолағы» - ойын әскери-спорттық эстафета түрінде құрылды», - делінген хабарламада.
Балаларға шытырман жолдан шығу амалын табу, оқ-дәрілерді апару, химиялық шабуылдан құтылу, алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болды. Екінші кезең – «Жалауды басып алу» кезеңінде жас эрудиттер жұмбақтар мен ребустар жасырылған конверттерді алды. Сол арқылы олар өздерінің мақсаттарына жетті. «Біз аталған сайысты жас патриоттарымыз үшін өткізіп отырмыз.
Бұл акция өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру, Отанға деген махаббатын ояту және республикамыздың Қарулы Күштерінде әскери қызметтің имиджін көтеру үшін өткізіледі», - деді 97617 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Ермек Меңдіғалиев. Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге 97617 әскери бөлімінің тәрбиеші офицерлері және 38-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері белсене қатысты. Сондай-ақ олардың қару-жарағы мен әскери техникасы қолданылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды