- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҚХА-ның 20 жылдығына арналған марка шығарылды
Қазақстанда ҚХА-ның 20 жылдығына арналған марка шығарылды
«Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы бойынша шығарылған марканың номиналы 200 теңгені құрайды. Қазақстан халық ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында алғаш рет айтқан болатын. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде мәртебесін айқындайтын Қазақстан халық ассамблеясын құру туралы жарлық шықты. Кейіннен Қазақстан халық ассамблеясы берік құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық орган болып өзгерді, деп хабарлады компания.
Марка 4 бояудағы офсетті тәсілмен жасалған, блок өлшемі 104 х 72 мм, марка өлшемі 52 х 36 мм, тираж 5 мың данадан тұрады, дизайнын суретші Сергей Маршев әзірледі. Почта блогы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша