- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Chitra by Newby коллекциясы ұсынылады
Астанада Chitra by Newby коллекциясы ұсынылады
Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
«Chitra by Newby коллекциясын жинақтаушы – N.Sethia Groupof Companies және N. Sethia Foundation қайырымдылық қорының төрағасы Нирмал Кумар Сетхия», - деді А.Мұхамедиұлы ОКҚ-да.
Лондонда орналасқан Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция мың жылдық уақыт аралығын қамтиды: Сун династиясы (Х-ХIII ғғ.) кезіндегі пиалалар мен сацумалық керемет фарфор шәйнектерден бастап Викториандық дәуірдегі салтанатты шай ыдыстары мен ХХI ғасырда жасалған сәнді аксессуарларға дейін – Қытайдың Мин дәуіріне (1368-1644) жататын көкала фарфордан жасалған, күміспен безендірілген «краак» стиліндегі шәйнек, ашық теңіз толқыны түстес нефриттен жасалған, айдаһар бейнеленген пиала, Қытайдың Канси дәуіріне (1662-1722) жататын алтынмен безендірілген фарфор шәйнек, борокко стилінде Нидерландыда жасалған шәйнек (1700), алтынмен безендірілген, гелиотроптан жасалған шәйнек, алтын жалатылған күміс шәйнек пен шай табақ, Британия (1828) және т.б.
«Chitra by Newby коллекциясынан» көрмесі Астана тұрғындары мен қонақтарын ерекше құнды жәдігерлермен таныстырып, шай ішу мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер туралы және осынау көне сусынның тарихынан хабардар етеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады -
Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген сессиясы өтті -
Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді -
Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары талқыланды -
Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» ашылды -
Астанада Пабло Пикассо көрмесі ашылды -
Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде -
Астанада 2020 жылы ДДҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы жазда өтеді -
Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді -
Азияның медиа диалогы: Халықаралық медиа әлемнің салалық шаралары Астанада -
Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды