- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 5 ай ішінде 4 мың адамға кеңес берді
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 5 ай ішінде 4 мың адамға кеңес берді
«Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының кеңесші мамандары кеңес алуға келушілердің басым бөлігін ауыл шаруашылығы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен ерекшеліктері туралы ақпараттар қызықтыратындығын, сондай-ақ кәсіппен айналысушылар қатарында жастардың басым екендіктерін жеткізді», - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлер палатасының қызметін пайдалана отырып, жобасын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болғандардың бірі – қызылордалық жас кәсіпкер Әлішер Бәкіров.
Ол «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бастауыш кәсіпкерлерге арналға
«DAMU Start-Up» жобасы аясында несие алу мүмкіндігіне ие болды.
«Менің ата-анам соңғы 5 жылда азық-түлік дүкенін жалға алып жұмыс жасаған болатын. Ол кісілердің жанында жүріп мен бұл кәсіпті жүргізудің қыр-сырына қанықтым да, осы кәсіп түрімен айналысуға бел будым», - дейді жас кәсіпкер Әлішер Бәкіров – «Ақпан айында Кәсіпкерлер палатасына келіп кеңес алып, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы аясында оқыту курсынан өттім. Мұнан кейін Палата қызметкерлері бизнес жоспарымды әзірлеуге және көмектесті, жобамды «Халық банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында сүйемелдеді. Нәтижесінде жалпы құны 13 млн.теңге тұратын жобам қаржыландырылды. Енді мен өзімнің азық-түлік дүкенімді ашамын».
Айта кету керек, жыл басында облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Нәтижесінде қызмет алушылардың саны да артуда. Мәселен, өткен жылы 4425 кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың 5 айының өзінде бұл көрсеткіш 4359-ға жетіп, көрсетілген қызмет түрлерінің көрсеткіші 2 есеге өсті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады