- Басты
- Жаңалықтар
- Алғаш рет қазақстандық әскери ұшқыштар түнде алты сағаттық ұшу ауысымдарын жүргізді
Алғаш рет қазақстандық әскери ұшқыштар түнде алты сағаттық ұшу ауысымдарын жүргізді
Түнгі жағдайлардағы ұшулар жер бетінің нашар жарықтандырылуы, объктілердің көрінуінің нашарлауы, жарықтық бағдарларға дейін қашықтықтарды көзбен шолып айқындауда ағаттықтардың пайда болуы және қоршаған ортаның ұзақ біркелкі болуымен сипатталады.
«Ұшқыштар мен техникалар, оның ішінде жастар түнгі ұшулардың психофизиологиялық жүктемелерін сезінді. Жоғары шаршаңқылық, ұйқышылдық, көру қабілеттілігінің нашарлауы, әдеттегі тыныс тіршілік ритмінің, яғни ұйқы, сергектік, тынығудың бұзылуы. Алайда, барлығы өзінің міндеттерін жақсы атқарды. Ұшу мақсатына қол жеткізілді», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жұмағалиев атап өтті.
Ұшуларды жүргізу барысында экипаждар әртүрлі жаттығуларды пысықтады, оның ішінде бағдар бойынша ұшулар, апатқа ұшыраған адамдарды іздеу және эвакуациялау, кідіру режимінен іздеу-құтқару жұмыстарын орындады. Жерүсті және инженерлік-техникалық персонал авиациялық техниканы ұйымдастыру мен қызмет көрсетуде құнды тәжірибе алды. Айта кетейік, оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 19132 әскери бөлімінің (Астана қ.) базасында «Еурокоптер» ЕС-145 тікұшақтарында жүргізілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады