- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК толықтыратын жас офицерлер әскери институттарды бітіріп шығады (Фото)
ҚР ҚК толықтыратын жас офицерлер әскери институттарды бітіріп шығады (Фото)
Биылғы жылы әскери оқу орнын 207 адам тәмамдайды. Өздерінің үздік білімдерін дәлелдеп 4 лейтенант алтын медальғаиеленді, олар: М. Баекешов, А. Хамитов, А. Бралин және М. Смаилов. Сонымен қатар 13 түлек үздік диплом иесі атанды.
Институтты аяқтағаннан соң бітірушілердің барлығына «инженер» біліктілігі беріледі. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында олар радиобайланыс пен радио желісінің ашылуы, байланыс желісі мен коммутация жүйесін, зениттік-зымыранды әскерлердің радиотехникасын, радиотехникалық әскерлерді, ҚӘ ӘШҚҚ, автоматтандырылған басқару жүйесін зерделейді. Бұдан өзге, бүгін Құрлық әскерлерінің әскери институтын курсанттар бітіруде.
Бүгін институтты 368 офицераяқтайды, олардың ішінде 18 курсант Қырғыз Республикасының, ал 8 курсант Тәжікстан Республикасының азаматы. Осы орайда 10 курсант үздік дипломмен бітірді, сонымен бірге 2 қазақстандық және 1 Тәжікстанның өкілі алтын белгінің иесі атанды.
«Бүгін біздің оқу жолымыз аяқталды. Маған бұл институтты бітірушілердің бірі болу, ҚР Қарулы Күштерінің офицері атағын мақтанышпен алып жүрудің өзі үлкен құрмет. Қазірдің өзінде бірқатар түлектер ірі әскери бөлімшелер мен ведомстваларды басқарып, жоғарғы әскери атақтарға лайықты болып отыр», - деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі Ерасыл Сейілханов.
Аталған рәсімде қарумен саптық әдістер көрсетіліп, қол күресі бойынша курсанттардың қойылымы өтеді. Іс-шара бітірушілердің Жауынгерлік тумен қоштасуымен және лейтенанттардың дәстүрлі вальсімен аяқталады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді