• Басты
  • Бейжіңде «Абай оқулары» өтті
29 Маусым, 2015 12:43

Бейжіңде «Абай оқулары» өтті

Бейжіңде «Цзиньтай» мұражайында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170-жылдығына арналған «Абай оқуларын» өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Бейжіңде «Абай оқулары» өтті

««Абай оқулары» бейжіңдік «Чаоян» паркінде орналасқан Абай ескерткішіне гүлшоқтар қою рәсімінен басталды.Іс-шараға Қытайдағы дипломатиялық корпус, қазақ қандастарымыздың өкілдері, қытайлық суретшілер және ақындар қатысты», - делінген хабарламада.

Қазақстандық және қытайлық студенттер Абайдың шығармаларын қазақ, орыс және қытай тілдерінде көркемдеп оқып, әнге қосты.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Бейжіңде Абай Құнанбайұлының мүсінін орнатқан мүсінші Юань Сикуньге алғысын білдіріп, оған қазақстан-қытай мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасын табыстады.

Сонымен бірге, Ш. Нұрышев қазақ халқының рухани, өнерпаздық әлеуеті, даналығы, бостандық сүюі және отаншылдығы толық ашылған Абай шығармаларының қазақ әдебиетінің қалыптасуындағы рөлін атап өтті.

Абайдың қазақ әдебиетіндегі реализмнің, әдеби қазақ тілінің қалыптасуына зор үлес қосқаны атап өтілді.

Абайдың «Қара сөздері» философиялық ойдың тереңдігін және әдеби сөздерді қолданудың үздік үлгісі екені айрықша айтылды.

Қытайлық оқырмандарға Абай шығармаларының көркемпаздығы мен тереңдігін жеткізген Ха Хуанчжан және Ақбар Мәжіт сияқты аудармашылардың рөлдері жоғары бағаланды.

Қатысушылар аталған іс-шараға қазақстандық жастардың шынайы және жауапты қатысуын, олардың отан сүйгіш сезімдерін, тәрбиесін, білімі мен төл поэзиясына құрметін ерекше атап өтті.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі өтті.

Шетелдік дипломаттардың айтуынша, «Абай оқулары» мен фотокөрме Қазақстанның өткенін және қазіргі кезін тереңірек түсінуге, ғұлама ақын мен философтың аруағына тағзым етуге, сондай-ақ жас буынның ана тілі мен әдебиетке сүйіспеншілігін баулуға мүмкіндік берді.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды