- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін қорытындылады
Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін қорытындылады
29 Маусым, 2015 10:34
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Аппараты, Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениеттер және діндердің халықаралық орталығы өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үнқатысуды дамытуға арналған діни форумның зор маңызын атап өте келіп, Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын сапалы түрде іске асыру қажеттігіне назар аударды.
Төраға шетелдік діни және саяси қайраткерлердің Съезде айтқан ұсыныстары мен идеяларына талдау жасауға тапсырма берді.
Жауапты мемлекеттік органдарға БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға V Съезд Декларациясын тарату, сондай-ақ Астанадағы дінаралық үнқатысуының маңызын жүйелі түрде түсіндіру тапсырылды. Қ.Тоқаев Съездің БҰҰ Өркениеттер альянсі және басқа да үнқатысу құрылымдарымен өзара іс-қимылды күшейту жайында да айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар