• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен «Эни» директоры компанияның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттарын талқылады

Н.Назарбаев пен «Эни» директоры компанияның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттарын талқылады

29 Маусым, 2015 09:13
Елбасы «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі мәселелері қарастырылды және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар