Астанада Елорда күніне орай бұқаралық велошеру өтеді

27 Маусым, 2015 16:00
Астанада елорданың 17 жылдығына орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады қаланың мәдениет басқармасы.

«Велошеру 11-де  «Салтанат сарайы» маңындағы алаңнан басталады, ал мәре «Астана-Арена» стадионында аяқталады. Ара қашықтығы – 4600 м», - делінген хабарламада.

Шараға атақты велошабандоздар, танымал спортшылар, эстрада жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Велошеруге барлық қалағандар қатыса алады. Қатысушылар мен келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Астанада велошеру жетекші спорт түрлерінің бірі болып есептеледі. Көп жылдар бойы халықаралық жасөспірімдер сайысы өтеді, осы жылы 25 рет ұйымдастырылмақ. Аталмыш шаралар 2008 жылдан бастап Астана кубогы үшін өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар