- Басты
- Жаңалықтар
- Канберрада Қазақстан мен Аустралия ынтымақтастығын талқылады
Канберрада Қазақстан мен Аустралия ынтымақтастығын талқылады
Іс-шара шеңберінде тараптар екіжақты қарым-қатынас мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, мемлекеттердің сыртқы саясат пен саудадағы басымдықтар, Қазақстанның инвестициялық ахуалы, білім беру, ауыл шаруашылығы және лаңкестікке қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастығы талқылады.
Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.
Аустралиялық тарап Еуразиялық экономикалық одағын құру мақсаттары, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша Астананың жұмысы, Қазақстан тарапының қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамалары, сондай-ақ ҚР Аустралия тобына енуі бойынша келіссөздер барысы туралы хабарланды.
Қазақстан тарапы ДСҰ-на ену бойынша келіссөздердің сәтті аяқталуына орай құттықтаулар қабылдады. Осы тұрғыда, ДСҰ-на мүше болу жолында 19 жыл бойы үлкен жұмыс атқарылғандығы атап өтілді және сайлау үдерісі барысында Қазақстан Республикасына қолдау көрсеткені үшін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Аустралия үкімет басшысы Тони Эботтың атына жазылған алғыс хаты табыс етілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды