- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Құрлық әскерлерінде 1 мыңнан астам әскери қызметшісі салтанатты түрде ант қабылдады (Фото)
ҚР Құрлық әскерлерінде 1 мыңнан астам әскери қызметшісі салтанатты түрде ант қабылдады (Фото)
«Бұл күн жас сарбаздармен олардың жақындары үшін ғана емес, ол әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері үшін де айрықша күн болып табылады. Себебі ант қабылдаған күннен бастап Отан алдында мінсіз қызмет ету міндеті бастау алады. Биылғы жылы 30212 (Отар) әскери бөлімін 600-ге жуық, 12740 (Сарыөзек) әскери бөлімін 400-ге жуық және 32363ә/б (Қапшағай) әскери бөлімін 350-ге жуық әскери қызметші толықтырды», - делінген хабарламада.
Салтанатты ант қабылдау іс-шаралары шеңберінде өткен бағдарламаға сарбаздардың қарумен жасалатын дефилесі, әскери оркестрдің қойылымы кірген болатын. Бұдан өзге, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар бұл іс-шара үшін қызықты бағдарлама әзірлеген еді. Қоян-қолтық күресі, кешенді дене дайындығы жаттығулары мен қарумен және қарусыз саптық әдістер - бұл бағдарламаның тек кішігірім бөлігі.
Жас сарбаздар іс жүзінде бір айы бойы жас жауынгерлердің курсында үйренген біліктіліктерін паш етті. Салтанатты түрде ант қабылдаған сарбаздар Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері болып бөлініп, келесі жылы олар білікті мамандардың қатарын толықтырмақ. Әскери көліктерді механик-жүргізушілері, дәлдеушілер, артиллериялық қарулар есеп тобының бастығы, топогеодезистер, артиллериялық барлаушы мамандар мен айқындаушылар әрі қарай қызмет етуге және тәуелсіз Қазақстанның абыройы үшін өз борыштарын атқаруға дайын.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды