- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында Маңғыстау облысының Мәдениет күндері өтуде
Павлодар облысында Маңғыстау облысының Мәдениет күндері өтуде
Алғашқы күні Ақтоғай ауылының аудандық Мәдениет үйінде «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің және «Жорға» халық би ансамблінің шығармашылық концерті өтті, сондай-ақ Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық музыкалы-драма театрында Маңғыстау облысының Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалы-драма театры «Ана - жер ана» спектаклін қойды.
Сондай-ақ 26 маусым күні Павлодар облысына келген бизнес-делегация «Қазэнергокабель» АҚ, «Павлодар» АЭА аумағы, «KSP Steel» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС сынды аймағымыздың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралап шықты.
Достық үйінде Павлодар және Маңғыстау облыстары өнеркәсіптік кәсіпорындарының бизнес кездесуі өтті. Кездесу барысында павлодарлық кәсіпорындардың мүмкіндіктері көрсетілді, атап айтқанда, «СтеклоМир» ЖШС шыныпакеттердің және шыныдан жасалатын бұйымдардың заманауи өндірісін, «НПК Свет» ЖШС жарық диодты шамдар мен шамшырақтар өндірісін, «Павлодар машина жасау зауыты» кран өндірісін ортаға салды. Сондай-ақ Павлодар облысының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің әлеуеті мен ниеттері ұсынылды.
Одан басқа, аймақаралық ынтымақтастық аясында екі облыс әкімдіктері арасында кеңес өтті, онда екі аймақтың арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері жөніндегі келешектегі ынтымақтастығы талқыланды.
«Павлодарлық кәсіпорындардың Маңғыстау облысындағы серіктестерімен өздерінің сауда-экономикалық қатынастарын кеңейту және нығайту мүмкіндігі бар. Маңғыстау облысына жасалған жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы бізді таңқалдырды. Сіздердің тәжірибелерінің біз үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр, өйткені біздің облыс аумағында да «Павлодар» атты арнайы экономикалық аймақ бар. Біз сіздерді отандық және шетел нарығына шығаруға көзделген жаңа өндірістерді құру жағынан ынтымақтас болуға шақырамыз. Бұл АЭА-ны дамытуға және белсенді түрде инвесторларды тартуға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті аймақ басшысы Қ. Бозымбаев.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері