- Басты
- Жаңалықтар
- Үздік артиллерия бригадалары халықаралық жарыстарда ҚР Қарулы Күштерінің абыройын қорғайтын болады
Үздік артиллерия бригадалары халықаралық жарыстарда ҚР Қарулы Күштерінің абыройын қорғайтын болады
Аталған жарыста Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімнің әскери қызметшілері үздік команда, әрі жеңімпаз атанды. Екінші орынды 32363 әскери бөлімі (Қапшағай қ.) иеленсе, ал үшініші орын 18404 әскери бөліміне (Талдықорған қ.) бұйырды. Олар өз шеберліктерін 6 кезең бойынша көрсетті.
Спорт кезеңінде – дене шынықтыру нормативтері мен АРД жолағын игеру бойынша сынақ тапсырды. Арнайы кезеңде – қаруды ұрыс жағдайына келтіру, қаруды негізгі бағытқа қарату, бағыт қашықтығының өзгеруі бойынша арнайы даярлықтың нормативтері тапсырылды. Үшінші кезең мақсатты көздеу – тікелей дәлдеп ату, ал келесі кезеңде взвод құрамында атысты.
Тіршілікке қабілеттілік жарысында 5 км шеру жасалып, оқ ату ұстанымы ауыстырылып, тапсырманы қайта орындады.
«Батарея оқ ат!» кезеңінде оқ ату міндетін түнгі мезгілде орындап шықты. «Біздің батарея бұл жарыстарға екінші рет қатысып отыр. Былтырғы жылы да бірінші орын алғанбыз. Бұл нормативтердің барлығы біздің күнделікті іс-қимылымызға енгізілген, жарыс алдында олар басты назарда болды. Жеке құрамның осынау биіктікті түсірмей, үздік екенін дәлелдеуі біздің жеңіске жетуімізге себепкер болды», - деді 65748 әскери бөлімі 1 артиллериялық батареясының командирі капитан Серік Мұңсызбаев.
Аталған жарысқа әрқайсысы 48 әскери қызметшіден тұратын барлығы 8 батарея қатысқандығын айта кеткен жөн. Бұдан кейін тамыз айында жеңімпаздар мен екінші орын алған топ далалық машықтанған дағды бойынша үздік артиллериялық батареялар арасындағы алғашқы халықаралық жарысқа қатысатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады