- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Ұлттық қордан мал шаруашылығын қолдауға 11,5 млрд теңге бөлінді
Биыл Ұлттық қордан мал шаруашылығын қолдауға 11,5 млрд теңге бөлінді
«Бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1189,6 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 3,9%-ға артқан», - делінген хабарламада.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша етті және сүтті бағыттағы фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жүзеге асырылатын «Ырыс», қой шаруашылығында «Алтын асық», жылқы шаруашылығында «Құлан» несиелеу бағдарламалары аясында республика бойынша 87,0 мың бас қойдың аналық басы, 11,6 мың бас жылқының аналық басы сатып алынды, сондай-ақ 32 бірлік 50,100 және 200 басқа жанұялық сүтті-тауарлық фермалар желісі құрылды.
Соңғы 5 жылда асыл тұқымды мал шаруашылығына және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылатуға субсидия көлемі 3 еседен аса өсті. Бұл ретте, кіші және орта фермерлік шаруашылықтар басымдылық тәртібінде субсидияланады.
Алқа отырысы барысында жергілікті атқарушы органдарымен осы уақытқа дейін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізуді субсидиялаудың басым бағыты бойынша былтырғы жылы тауарөндірушілерге төленбеген 400 млн. теңге көлеміндегі (25 мың мал басы) субсидиялардың әлі де төленбей отырғаны аталып өтті.
Жобаның жүзеге асырылуынан бастап қатарға жалпы қуаттылығы 146,0 мың малорынды 193,0 бордақылау алаңы енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 231,0 мың ІҚМ аналық басы сатып алынды. Тұқымдық түрлендірумен ІҚМ аналық мал басының жалпы санынан 23% аса немесе 647,0 мың бас қамтылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 12 мың тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде 6,3 мың тонна сиыр еті экспортталды. Ағымдағы жылдың бес айында экспортталған еттің барлық түрі 4,4 мың тоннаны құрады.
Сондай-ақ, алқа отырысы барысында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасымен айқындалған, бес институттандыру реформасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар талқыланды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері