ЕЭК ЮНИДО-дағы «бақылаушы» дәрежесін алды

26 Маусым, 2015 17:04
Ағымдағы жылы Венадағы (Австрия) Біріккен ұлттардың өндірістік ынтымақтастығы бойынша ұйымының (ЮНИДО) 43- сессиясының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға ЮНИДО-дағы «бақылаушы» дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.

«ЮНИДО-дағы «бақылаушы» дәрежесі ЕЭК-қа ЮНИДО-ның басқарушы орғгандарының жұмысына араласуға мүмкіндік береді», - делінген ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар, Комиссияның ЮНИДО жұмысына «бақылаушы» дәрежесінде қатысуы ЮНИДО-ның мүмкіндіктері мен тиімді жобаларды жасақтау тәжірибесін, өндірісті дамыту саласындағыи бағдарламаларын Еуразиялық экоеномикалық одақ аясында пайдалануға мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар