• Басты
  • Жыл басынан бері 38 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды
26 Маусым, 2015 17:51

Жыл басынан бері 38 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 38 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысты. Ол азаматтардың негізгі бөлігін, яғни 24 мыңға жуығын жұмыссыздар құрады, олардың 44% - ауыл тұрғындары, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Жыл басынан бері 38 мың қазақстандық «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды | Strategy2050.kz

«Жалпы жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік келісім-шарт жасасқан және өткен жылы оқыған немесе қайта даярлықтан өткен азаматтарды есептегенде 45 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты. Солардың 77% тұрақты жұмыспен қамтылды», - делінген хабарламада.

Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркеліп, сәйкесінше шамамен 9 мың және 6 мың адамды құрады.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту) 159 инфрақұрылымдық жоба іске асырыла бастады. Олардың 40% астамы -  білім беру нысандары.    

Екінші бағыт (ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) аясында жеке кәсіптерін ашуға 83 шағын несие берілді. Мерзімінен бұрын өтеу есебінен тағы 475 адам жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтуге шағын несие алды. 

Үшінші бағыт (жұмыс берушілердің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқуға, жұмыспен қамтуға және көшуге көмектесу) бойынша 2 мыңнан астам адам кәсіби оқудан өткеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 6333 адам бағытталды, тағы 3517 азамат жастардың тәжірибеден өту шеңберінде еңбекпен қамтылды.     

 

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігін атап көрсетіп, оны өзектендіруге тапсырма берді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында: мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және аз қамтылған тұрғындарды басым негізде жұмыспен қамту; Астана және Алматы қалаларында қысқа мерзімді курстарда қызмет көрсету саласындағы жұмыстарға жастарды даярлау шараларын пилоттық режімді іске асыру.

Барлық өңірлерде аз қамтылған азаматтарды еңбекке ынталандыруды күшейту үшін пилоттық режімде келісім-шарттық негізде шартталған әлеуметтік төлемдер енгізу жоспарланып отыр. Оларды іске асыру нәтижесінде заң жобасы әзірленеді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды