- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық экономика министрлігі қала, аудан және ауылдық әкімдерді тағайындау мен оларды қызметінен босату тәртібін қайта қарамақ
Ұлттық экономика министрлігі қала, аудан және ауылдық әкімдерді тағайындау мен оларды қызметінен босату тәртібін қайта қарамақ
«Бүгінгі таңда қала, аудан, ауыл әкімдерін тағайындау мен оларды қызметтерінен босату тәртібін қайта қарау қажет. Осылайша, ҚР Президентінің 2013 жылдың 24-сәуіріндегі «Ауылдық округ құрамына енбейтін аудандық деңгейдегі қала әкімдерін, ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, төменгі деңгейдегі әкімдерді тиісті ауданның мәслихатының депутаттары сайлайды, ал аудан әкімдері лауазымдарынан облыс әкімінің келісімімен босатылады»,-деді Қ.Өскенбаев.
Оның сөзінше, Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын зерделей келе, әкімдерді қызметінен босату тетігінің ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында тиісті ауданның мәслихаттарының әкімді қызметінен босату туралы ұсыныстарын міндетітті түрде келісу мәселесі енгізілді.
Вице-министр сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың есептеріне түскен қаржы көлеміне жүргізілген талдау жұмыстары заңмен бекітілген кіріс көздері өте аз және жергілікті жердегі мәселелерді шешуге аз болады. Осылайша, ауылдық әкімдердің құзырындағы есептерге түскен кірістер ол ашылған кезден бастап, Маңғыстау облысын қоспағанда небәрі 85 мың теңгені құрайды.
Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша арнайы заң жобасын дайындап, онда жергілікті атқарушы органдардың қаржылық және экономикалық жағынан еркіндігін қамтамасыз ететін талаптар енгізілген. Сондай-ақ онда ауыл әкімдерінің құзырын кеңейту, әкімдердің тұрғындармен байланысын қамтамасыз ету үшін қоғамдық құрылымдар құру мәселесі қарастырылған.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды