- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: Қазақстандық БАҚ республиканың барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады
Г.Әбдіқалықова: Қазақстандық БАҚ республиканың барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады
Мемлекеттік хатшы рәсім барысында сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мемлекет басшысының Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ Қазақстанның барша журналистер қауымын кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
« Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен ел азаматтары арасындағы дәнекер қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар республиканың барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады, ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімді нығайтады», – деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқын ұйыстыру, патриотизмге тәрбиелеу, елімізді ең дамыған 30 мемлекет қатарына қосу жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру ісінде отандық БАҚ қызметінің зор мәнге ие екенін атап көрсетті.
«Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен кәсіби тұрғыдан жетілуін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының арнаулы марапаттары тағайындалған болатын. Осы марапаттарды тапсыру арқылы біз елдің медиакеңістігінің ең лайықты, талантын барынша жарқыратып көрсеткен өкілдерін атап өтеміз», – деді Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары Жанболат Әлиханұлы Аупбаевқа – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін; Алексей Владимирович Панға (марқұм) – «Экспресс-К» газеті редакциясы» ЖШС бас директорына елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Гранттар Зарина Георгиевна Есекееваға (Зарина Мұхамедәліге) – «Арша» медиастудиясының продюсеріне республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін; Ринат Думанұлы Кертаевқа – «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсеріне қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін тапсырылды.
ҚР Президентінің Алғыстары «Достық-Дружба» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Жетісу» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін; ««Көкжиек» және «От и до» радиобағдарламаларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ жұмысы аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені («Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі мен «Астана» радиосының бірлескен жобасы) үшін; «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына Қазақстан туралы өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Тіл» ақпараттық-сараптамалық журналының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін; «Vesti.kz» ақпараттық-спорт порталының ұжымына саламатты өмір салтын кеңінен насихаттағаны, Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін жарияланды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады