Павлодарда өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған стела ашылды

18 Қазан, 2013 17:26
Құтқарушы күніне орай Павлодардың №34 өрт сөндіру аймағында өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған стеланың салтанатты ашылуы болып өтті, деп облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Мемориалды тақтаның ашылуы – бұл қызметін орындау үстінде қаза тапқандардың рухына тағзым ету. Бұл қызметкерлерге  патриоттық жігер береді», - деп Павлодар облысының ТЖМ басшысы М.Ж. Айтжанов айтты.

Оған қоса, шарада погондар табысталып, үздік деген қызметкерлер мараптталды.

 

 

Барлық жаңалықтар